Қазақстанда шай бір жылда 18 пайыз қымбаттады
Сурет: pixabay
Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда Қазақстанда шай 18,3 пайызға қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазан айында Қазақстанда қара шайдың келісі орташа есеппен 4 434 теңгеден сатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазан айындағы ең қымбат шай Астананың сауда нүктелерінен келісіне 4725 теңгеден сатылды. Сондай-ақ Қызылорда (4 638 теңге/кг), Шымкент (4 626 теңге/кг), Алматы (4 597 теңге/кг) және Ақтауда (4 466 теңге/кг) жоғары бағалар байқалды. Шайдың ең арзан бағасы Жезқазғандағы бөлшек сауда дүкендерінде байқалды – 3 943 теңге/кг.
Басқа қалаларда орташа баға келісіне 4000-нан 4500-ге дейін өзгереді. Осылайша қазақстандықтар бір қорап шайға (250 грамм) орта есеппен 1108 теңге төлейді.
Жалпы қазақстандықтар айына орта есеппен 127 грамм шай тұтынады.
Қазақстан қара шайды негізінен Қытай, Үндістан, Иран, Шри-Ланка, Пәкістан, Түркия, Вьетнам, Кения және Угандадан импорттайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript