Александр Бублик Дубайдағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик Дубайдағы ATP-500 турнирінің үшінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Zakon.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Александр Бублик ресейлік теннисші Даниил Медведевпен кездесіп, жеңіліп қалды. Есеп - 6:4, 6:2.
Матч 1 сағат 6 минутқа созылды. 1/4 финалда Даниил Медведев хорватиялық Борна Чоричпен ойнайды.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP 250 турнирінің финалына өте алмаған еді.
Бөлісу
0
Толық оқу