Қазақстандағы журналистерге шабуыл: үйлестірушінің сыбайластары анықталды
Сурет: pixabay
ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуылдар ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда. Бұған дейін ұсталған Токарев кінәсін мойындап, тергеуге көмектесуге келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Токаревке К.Литвинов, С.Шаповалов, Б.Демченко мен Я.Малышок деген шетел азаматтары белсенді көмек көрсеткені анықталды.
"Токаревтің өзі ұйымдастырушы және үйлестіруші ретінде, ал топтың басқа қатысушылары – Литвинов, Шаповалов және Демченко рекрутерлер рөлін атқарып, Қазақстан азаматтары арасынан арандатуды тікелей іске асырушыларды, яғни “қабандар” деп аталатын орындаушыларды іздеумен және қылмыстық әрекетке тартумен айналысқан".ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, жәбірленушілерге қатысты мәліметтерді олар ашық ақпараттық дереккөздерден жинаған. Мемлекеттік ақпараттық деректерге рұқсаты бар тұлғаларды іздестірген.
Токаревпен бірге арандатуларды іске асыру жолдарын (көліктерді өртеу, қауіп төндіру және шабуылдау) әзірлеген.
"Малышок хакерлік бағытқа жауапты болып (флуд, DDos, бұзу және т.б.), “Orda” және “Elmedia” сайттарына DDos-шабуылдарын өзі ұйымдастырған. “Ulysmedia” редакциясының сайтын бұзған. Қазіргі таңда Бас прокуратурамен Токаревтің сыбайластарын халықаралық іздеуге жариялау мәселесі пысықталып жатыр".ҚР ІІМ баспасөз қызметі
ІІМ өкілдері бастамашылдарды анықтау бойынша жұмыстар жалғасатынын атап өтті.
28 ақпан күні Алматыда журналистерге жасалған шабуылдарды үйлестірген шетел азаматы ұсталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript