Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікті ұсталды
Журналистерге жасалған шабуылдарды ұйымдастырушы және бастамашы Қазақстан азаматы А.К. екені анықталды.
Ол ұсталды және соттың рұқсатымен қамауға алынды.
Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 115 "Қауіп-қатер", 147 "Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу", 158 "Журналистік қызметке кедергі жасау", 202 "Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" және 293 "Бұзақылық" баптарымен қарастырылған айыптар тағылды.
Ұсталған адам істеген әрекетін мойындады. Жауап алу барысында барлық шабуылды өз бетінше ұйымдастырғанын, өйткені жеке себептер мен бірқатар қазақстандық танымал БАҚ өкілдеріне бұрынғы талаптарының болғанын мәлімдеді.
Клебанов-Маневич құқыққа қайшы жоспарларын іске асыру үшін хакерлер тобы мен акцияларды орындаушыларды жалдаған. Арандату мақсаттары мен нұсқаларын өз бетінше таңдаған. Орындаушыларға берілетін қаражатты криптовалюта операциясынан түскен пайда есебінен төлеп отырған.
Тергеу жалғасып жатыр, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы журналистерге шабуылды ұйымдастырғандардың сыбайластары анықталған еді.