Әскери институт курсанты өлі табылды

3 наурыз күні Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығының қарауыл бекетінде 1-курстың курсантының денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс жүзінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігіне ҚР Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары бастаған арнайы комиссия жіберілді.
"ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сай өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды. Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы қаза болған курсанттың туған-туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады".ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
21 ақпанда Ресей әскери институтында қазақстандық курсанттың қайтыс болғаны хабарланған еді.
Бөлісу
0
Толық оқу