Жанып жатқан үйден балаларды құтқарып қалған әскер қызметкер марапатталды

Жанып жатқан үйден балаларды құтқарып қалған әскер қызметкер марапатталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2022 13:25 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшісі 3-сыныпты сержант Жандос Барлыбаев ерлігі үшін "Ел қорғаны" медалімен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшісі 3-сыныпты сержант Жандос Барлыбаев ерлігі үшін "Ел қорғаны" медалімен марапатталды. Бүгін марапатты қорғаныс ведомствосы басшысының атынан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев табыстады.ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

15 желтоқсан күні Алматы қаласында Красногорская көшесі, 4/1 мекенжайында орналасқан жатақхананың бірінен өрт шыққанын естіген әскери қызметші  оқиға орнына барды. Көрші ғимараттың отқа оранған 2-ші қабатын көрген сержант Жандос Барлыбаев терезе торымен екінші қабатқа шықты. Ол жерден 12-13 жастағы баланы, төрт айлық нәрестені алып шығып, балалардың анасына жанып жатқан ғимараттан шығуға көмектесті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: