Ақтөбе облысында жол апатынан Өзбекстанның 4 азаматы мерт болды
Сурет: видео скрині
Ақтөбе облысында жол апатынан Өзбекстанның 4 азаматы мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
4 наурыз күні Солтүстік айналма жолда КамАЗ жүк көлігі мен Cobalt жеңіл автокөлігі соқтығысқан.
Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында мерт болдын, барлығы - Өзбекстан Республикасының азаматтары.
Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол апатының себебі анықталып жатыр.
Еске салайық, 3 наурызда Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан Тәжікстан азаматы қаза болған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript