Абай облысында мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшті

Абай облысында мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшті Сурет: unsplash
Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері уақытша қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Абай облысында 6 наурыз күні ауа райының нашарлауына байланысты Семей, Курчатов, Бесқарағай, Бородулиха, Аягөз, Жарма аудандарындағы І-ІІ ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары, сонымен қатар Семей колледждерінің 1-2 курс студенттері қашықтан оқытуға көшірілді", - делінген Абай облысы әкімдігінің хабарламасында.

Бұған дейін синоптиктер облыста жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын, екпіні секундына 25 метр болатын күшті жел және облыстың басым бөлігінде көктайғақ болады деп болжаған еді.

Синоптиктер дүйсенбі күні Абай облысында ғана емес, Қазақстанның басқа да бірқатар аймақтарында дауылды ескерту болады деп болжап отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз