Қар көшкіні Медеу – Шымбұлақ тас жолының бір бөлігін жартылай жауып қалды

Медей, Шымбұлақ, қар көшкіні Сурет: Instagram/kazselezashita
6 наурыз күні таңертең Алматы тауларында қар көшкіні жүрді. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ хабарлады.

Көшкен қар массасы Медеу – Шымбұлақ тас жолының бір бөлігін жартылай жауып тастады. Тазалық уақытылы жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қар көшкіні, Медеу, Шымбұлақ

Сурет: Instagram/kazselezashita

"Қазгидромет" 5-7 наурызда Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүру қаупі бар екенін ескертті.

"Қазселденқорғау" мамандары қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан беткейлерге шықпауды сұрады. Алдағы күндері тауға шығудан бас тартқан жөн.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз