Алматылықтарға тауда қар көшкіні жүру қаупі бары ескертілді
Департамент "Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертулерін негізге ала отырып, Алматы қаласының тауларында қар көшкінінің түсу қауіпі жоғары екенін хабарлайды.
Осыған байланысты таулардың қарлы беткейлеріне шығу ұсынылмайды:
- қатты жауын-шашын ( қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.
- егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз.
- егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын , қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн-бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді.
- үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына кешіктірмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.
- рюкзактарда мына қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.