Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық экономика министрі әйелдердің мемлекеттік қызметтегі үлесі туралы айтты

Ұлттық экономика министрі әйелдердің мемлекеттік қызметтегі үлесі туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2023 12:57 Сурет: senate.parlam.kz
Статистикаға сай мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 2010 жылы 52,7% болса, 2022 жылы 55,4%-ға дейін өсті. Оның ішінде 39,2%-ы - басшы лауазымындағы әйелдер. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр берген мәліметке сүйенсек, саяси лауазымдарда 59 әйел жұмыс істейді. Олардың ішінде министрлер, агенттіктің, Жоғары аудиторлық палатаның және Конституциялық соттың төрағалары, облыстардың және қала әкімдерінің орынбасарлары да бар. Шағын және орта бизнестегі әйелдердің үлесі 2011 жылы 38,4% болса, 2021 жылы 44,6%-ға жеткен. Сонымен қатар елімізде кәсіпорын басшыларының ішінде 30,8%-ы - әйелдер.

"Қоғамның түрлі саласындағы жетістіктерде әйелдердің үлесі зор. Әйелдер елдегі экономикалық және саяси өзгерістерге үлкен оң әсер етеді. Қазақстан тең құқықтары мен мүмкіндіктері бар қоғамды қалыптастыруда елеулі табыстарға қол жеткізді. Республикада гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің құқықтық және институционалдық негізі қалыптасты. Заңнамалық деңгейде әйелдерге қатысты кемсітуді жою және ерлер мен әйелдердің тең құқығын ілгерілету көзделген. Елімізде әйелдердің ел өміріндегі рөлін арттыру үшін жағдай жасауға, қазіргі қазақстандық әйелдің мансаптарға табысты жетуіне, мемлекеттік және қоғамдық басқаруға белсенді қатысуына үлкен көңіл бөлініп отыр. 2015 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму саласындағы мақсаттарын іске асыру жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдады. Сондағы 17 мақсаттың 12-сі - гендерлік-сезімтал", - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: