Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-та футболшы Лионель Мессидің балалық шағы туралы мультхикая түсіріледі

Футбол, мультхикая, Месси, ПСЖ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2023 14:12 Сурет: Instagram/leomessi
"ПСЖ" футбол клубының жұлдызы, аргентиналық футболшы Лионель Месси жаңа мультипликациялық хикаяның кейіпкері атанбақ. Мультхикаяны жетекші америкалық компаниялардың бірі түсіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Режиссерлардың айтуынша, хикаяда әйгілі аргентиналық футболшының балалық шағы баяндалады, жас Лео бейне ойын арқылы әлемді шарлап, түрлі кедергілерді еңсереді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған әлемдік хикаяға әйгілі америкалық студияның өнерпаздары мен композиторларының музыкасы пайдаланылады.

Түсіру жұмыстарына Месси де қатысады және әлемнің көптеген тіліне аударылады.

"Мен бала кезімнен мультхикаяларды жақсы көремін, ал балаларым анимациялық кейіпкерлердің жанкүйері. Бұл анимациялық жобаға қатысқаныма қуаныштымын, өйткені тағы бір арманым орындалғалы жатыр. Мен қатыстырғаны үшін жоба авторларына алғыс айтқым келеді. Нәтиже бәріне, әсіресе қыздар мен ұлдарға ұнайды деп үміттенеміз". Лионель Месси

Сериал қашан шығатыны және оны кім көрсететіні туралы ақпарат әзірге белгісіз.

Месси – "Алтын допты" жеті рет, FIFA-ның "Жыл ойыншысы" сыйлығын алты рет және "Алтын бутсы" жүлдесін бірнеше рет жеңіп алған әлемдегі жалғыз ойыншы. Лионель Аргентина құрамасын 2022 жылы желтоқсанда Қатарда өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: