Әйгілі футболшы Лионель Месси телехикаяға түсті

Футбол, Лионель Месси, футболшы, "ПСЖ", сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2022 15:19 Сурет: Instagram/leomessi
Француздық «ПСЖ» шабуылшысы Лионель Месси латынамерикалық «Қорғаушылар» телехикаясының эпизодтық рөліне қатысады. 34 жастағы футболшыны тележобаның екінші маусымынан көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лионель Месси қатысқан көрініс түсіріліп үлгерді, деп жазды Marca басылымы. Бұл серия Аргентинада танымал болып келеді.

Телехикая көрерменге 2023 жылы жол тартады.

«Қорғаушылар» фильмінің екінші маусымы әртүрлі елде түсіріліп жатыр. Телехикаяда құрдымға кетіп бара жатқан бизнесін сақтап қалу үшін бірігуге мәжбүр болған үш футбол агенті туралы баяндалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: