Алматы облысында тауда қар көшкіні жүріп, жолды жауып қалды

7 наурызда таңертең Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Есік көліне баратын тас жолдың 13-ші шақырымын көшкен қар жауып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазселденқорғау" ММ баспасөз қызметінің мәліметінше, таудан түскен қардың көлемі – 175 текше метр.
"Аудан орталығынан Есік көліне апаратын жолдың бір бөлігін қар массасы жауып қалды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Түнде жауған жауын-шашын мен жылымықтың салдарынан қар көшкіні жүрген", делінген "Қазселденқорғау" ММ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мамандар алматылықтарды қар көшкіні қаупіне байланысты алдағы күндері тауға шықпауға кеңес береді.
Бөлісу
0
Толық оқу