Алматы облысының тауында қар көшкіні жүріп, жолды жауып тастады
Сурет: Instagram/kazselezashita
Алматы облысында 2022 жылғы 13 желтоқсанда сағат 9:33-те Түрген – Батан – Асы обсерваториясы бағытындағы облыстық автожолының 22,3 шақырымында өздігінен қар көшкіні жүріп өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі қар көшкініне тау беткейлеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайы себеп болғанын атап өтті.
"Қар көшкінінің жалпы көлемі (көшкін конусы) 99 текше метр, ұзындығы - 22 м, ені - 6 м, биіктігі - 4,5 м. Қар көшкіні облыстық маңызы бар Түрген – Батан – Асы обсерваториясы жолын жауып қалды " – делінген хабарламада.
Оқиға орнына "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен Еңбекшіқазақ ауданының құтқарушылары аттанды.
Көшкіннен зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript