Алматы тауында қар көшкіні болды: екі адамды іздестіріп жатыр

қар көшкіні, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2022 14:42 Сурет: Алматы облысы ТЖ қызметі
13 сәуірде Молодёжный шыңы аймағына қар көшкіні түсті. Қар көшкіні астында екі адам қалған деген болжам бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
13 сәуір күні сағат 13:28-де Құтқару қызметінің жедел кезекшісінен Молодежный шыңы ауданында қар көшкіні түскені туралы хабарлама түсті. Болжам бойынша, қар көшкіні астында екі адам қалған.Алматы Төтенше жағдайлар департаменті

Алматы тауларындағы іздестіру-құтқару жұмысына «Тұйықсу» КҚҚ, «Құтқару қызметі», Төтенше жағдайлар министрлігінің Құтқару қызметі, «Казселезащита» ММ құтқарушылары қатысып жатыр. Барлығы – 26 адам және екі кинологиялық бригада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: