Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар - ТЖД

Тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2022 10:26 Сурет: pixabay
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға тауда қар көшкіні жүру қаупі бар екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz
Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде 15-17 ақпанда қар жамылғысының тұрақсыздығына және жабынның биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі дауылды ескерту негізінде

Осыған байланысты департамент қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан беткейлерге шықпауды ұсынады.

Бұған дейін Алматыда сағат 08:00-дегі жағдай бойынша қардың қалыңдығы 15-18 см, тау етегінде 22-30 см, тауларда 45 см-ге дейін түскені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: