Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 19:47 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына қар көшкіні болу қаупін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының тауларында 22-28 ақпан аралығында көшкіні жүру қаупі ескертіледі.

ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды.


"Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады". Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алдында синоптиктер Астана мен еліміздің 15 өңірі бойынша қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: