Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті

Алматы облысы ТЖД, Алматы облысының таулары, қар көшкіні, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2023 09:40 Сурет: pixabay
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды өтінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментенің мәліметінше, 2023 жылғы 17-21 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін, сондықтан азаматтар таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауы қажет.

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске бар.

Негізінен қар көшкіні температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты жүреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: