Қазақстанда баспана бағасы өсті
Сурет: freepik
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, бір жылда (2023 жылғы ақпан 2022 жылғы ақпанға қарағанда) пәтерлерді қайта сату бағалсы 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артты.
Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады.
Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімі:
- Семей – 41%;
- Қызылорда – 39,9%;
- Ақтөбе – 36,9%;
- Ақтау – 35,4%;
- Қостанай – 30,9%.
Тұрғын үйді жалға алу бойынша:
- Көкшетау – 53,7%;
- Қостанай – 51,9%;
- Алматы – 49,6%;
- Петропавл – 49,3%.
Бір айдың ішінде (2023 жылғы ақпан 2023 жылғы қаңтарға қарағанда) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2% өсті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript