Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда баспана алу және жалға беру бағасы өсті

Тұрғын үй нарығы, Ұлттық статистика бюросы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 09:00 Сурет: freepik
Бір жылда жаңа тұрғын үйлер бағасы 4,4% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағасы 2,9% төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәлімет бойынша, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы тамызда 17% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтау – 18%, Семей – 16%, Павлодар 15,5% қалаларында қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімінің көш басында Семей (25,3%), Ақтөбе (22,5%), Қызылорда (15,5%) қалалары, тұрғын үйді жалға беру нарығында – Көкшетау (37,9%), Қонаев (36,1%), Ақтөбе (34,7%) қалалары.

Тамызда шілдеге қарағанда жаңа тұрғын үй бағасы өзгеріссіз қалды, пәтерлерді қайта сату 1,8% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі шілдемен салыстырғанда тамызда 2,3% өсті.

Статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері қазақстандықтар 38 810 үй сатып алған. Бұл жыл басынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш есептеледі. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 10 141 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 28 669 мәміле жасалды. 2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда (34 225) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 13,4%-ға өсті.

Мәмілелер саны бойынша Астана (6 679 – 18%) және Алматы (5 928 – 15,3%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 705 – 9,5%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 410 бірлік (1,1%).

2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда тамызда өсім, Ұлытау облысынан басқа еліміздің барлық өңірінде тіркелді. Ал мәмілелер санының ең көп өсімі Солтүстік-Қазақстан (53%-ға), Жетісу (27,7%-ға) және Жамбыл (26,3%-ға) облыстарында байқалды.

2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 12,7%-ға өсті. Тамыз айында пәтерлер бойынша барлығы 28 669 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 73,9%-ы. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, тамыз айында олардың жыл басынан ең көп саны ресімделді – 10 924.

Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (23,9%), Алматы (18,7%) қалаларына және Қарағанды облысына (10,6%) тиесілі.

2023 жылдың шілде айымен салыстырғанда, тамызда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 15,5%-ға ұлғайып (1 360 мәмілеге), 10 141-ді құрады. Батыс-Қазақстан және Абай облыстарын қоспағанда еліміздің барлық дерлік өңірінде оң динамика орын алды.

Тұрғын үй нарығы, Ұлттық статистика бюросы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 09:00

Сурет: Ұлттық статистика бюросы

2023 жылдың тамызында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті айымен салыстырғанда 8,8%-ға өсті, ол кезде 35 686 мәміле ресімделген болатын. Ең жоғары өсім көрсеткіші Солтүстік-Қазақстан облысында (80,4%-ға) байқалды. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Қызылорда облысында (-15,5%-ға) тіркелді. 2023ж. қаңтар-тамыз айларындағы мәмілелер санының 2022ж. қаңтар-тамыз айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда теріс динамика орын алды – -29%.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: