Жаңалықтар тізбегі
0

Ішкі істер министрі депутат Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты

ҚР ІІМ, сенат, сенатор, тергеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2023 15:13 Сурет: Telegram/senate_kz
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Сенат кулуарында депутат Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Марат Ахметжановтан "Сенатор кісі қолынан қаза тапқан болуы мүмкін бе?" деп сұрады.
"Бүгінгі күні Қазақстанда Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі бар. Яғни, кез келген мәлімдеме – зорлық-зомбылықпен, зорлық-зомбылықсыз өлім-жітім бәрі тіркеледі. Тексеру жүргізіліп жатқан іс бойынша ешқандай іс қозғалған жоқ, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді, өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ол әдеттегі рәсім.   Өлімнің себебін анықтау үшін арнайы зерттеулер, сараптамалар жүргізіледі. Кез келген арыз тіркеліп, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі шеңберінде ол бойынша тексеру жүргізіледі" Марат Ахметжанов

Өлім себебі анықталмаған жағдайда, арыздану да қажет емес.

"Өлім себебі анықталмаса, сараптама тағайындалады. Ал Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеместен,  сараптама тағайындау мүмкін емес". Марат Ахметжанов

Гүлмира Кәрімова 27 қаңтарда 45 жасында қайтыс болды. Парламент бірден өлімнің алдын ала себебі анафилактикалық шок екені жөнінде ресми мәлімдеме жасады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: