Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада UNSDCF үйлестіру комитетінің кезекті отырысы өтті

БҰҰ, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2023 20:32 Сурет: gov.kz
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде 2021-2025 жылдарға арналған Орнықты даму мақсатында БҰҰ ынтымақтастығының негіздемелік бағдарламасы (UNSDCF) үйлестіру комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған отырыс ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров пен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторидің төрағалығымен өтті. БҰҰ-ның елімізде болуының 30 жылдығына орайластырылған іс-шараға ҚР мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпустың және азаматтық қоғам өкілдері қатысты, делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Отырысты аша отырып, Қайрат Омаров БҰҰ-мен өзара іс-қимыл тұрғысындағы Қазақстанның негізгі сыртқы саяси басымдықтары туралы хабардар етті.

"БҰҰ бас трибунасынан жарияланған көптеген қазақстандық бастамалар табысты іске асырылды және жаһандық қоғамдастық оларды мойындады", – деді ол.

Сонымен бірге, ҚР сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары БҰҰ елдік командасына Қазақстандағы реформаларды, оның ішінде әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру және адами капиталды дамыту жолындағы 30 жыл бойы қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Микаэла Фриберг-Стори өз кезегінде "БҰҰ елдік командасы өткен үш онжылдықта дамуда елеулі прогреске қол жеткізген Қазақстан Үкіметімен бірлесіп табысты жұмыс істеуге қуанышты" екенін атап өтті.

Бұған қоса, БҰҰ агенттіктері өкілдіктерінің басшылары өз қызметінің қорытындыларымен таныстырып, Қазақстандағы 2023 жылға арналған жұмыстың негізгі басымдықтарын айқындады.

Іс-шара барысында дипкорпус өкілдері еліміздің БҰҰ құрылымдарымен ынтымақтастығының негізгі бағыттары және оны одан әрі кеңейту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық және саяси реформаларын ілгерілету бойынша Орнықты дамудың 17 жаһандық мақсаттарын және бірлескен жұмысты іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы нәтижелі және прагматикалық ынтымақтастыққа тараптардың өзара бейілділігін растады.   

Айта кетсек, 2021-2025 жылдарға арналған Орнықты даму мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен БҰҰ ынтымақтастығының негіздемелік бағдарламасы тараптардың өзара іс-қимылы үшін негіз болып табылады. Жалпы, еліміздегі 5 жылдық негіздемелік бағдарламаның негізгі ережелері климаттың өзгеруіне қарсы күресте көмек көрсетуге, кемсітушіліктің барлық түрлерін жоюға және балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғауға, кеңес беру мен техникалық көмек көрсетуге, кедейлікті жоюға, цифрлық сауаттылықты ілгерілетуге және т.б. бағытталған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: