Қазақстанның төрағалығымен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті

Өңірлік және халықаралық мәселелер, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 23:46 Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
12 қазанда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан мен Түрікменстан сыртқы істер министрлері қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шараға қатысушылар ТМД шеңберіндегі сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілерін талқылады.

Достастық алаңы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 23:46

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Отырыс қорытындысы бойынша Достастық алаңындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.

Сыртқы істер министрлері 2022 жылы 14 қазанда Қазақстан астанасында өтетін ТМД Саммитінде мемлекет басшыларының қарауына шығарылатын құжаттардың жобаларын келісті.

ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 23:46

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: