Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда суицидтің алдын алған полицейлерге қол сағат тарту етілді

Марапаттау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2023 13:29 Сурет: Алматы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі
Алматы қалалық прокуратурасында суицидтің алдын алған полицейлерге қол сағат сыйға тарту етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 наурыз Алматы қаласы Түрксіб аудандық патрульдік полиция полкінің қызметкерлері, аға инспекторлар Санжар Әбдірайымов пен Құдайберген Тоғжанов азаматтың өзіне-өзі қолжұмсау әрекетінің алдын алды.

"Ер адам жол үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірінің қоршауына қолымен ілініп тұрған. Жол қозғалысын тоқтатқан полицейлер жүк көлігін ер адамның астына әкеліп қойды".

Осы әрекеттер арқылы адамның өмірін сақтап, қайғылы оқиғаны болдырмаудың мүмкіндігі туды.

10 наурызда Түрксіб ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев, адамды құтқару бойынша жедел және үйлесімді жұмысты қамтамасыз еткені үшін, инспекторларға алғысын білдіріп, оларды атаулы қол сағаттарымен марапаттады.


Марапаттау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2023 13:29

Сурет: Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: