Жаңалықтар тізбегі
0

Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш бөлмелі пәтер тарту етілді

Ерлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2022 10:48 Сурет: ҚР ТЖМ
Құтқарушылар келгенше жетінші қабатқа көтеріліп, баланы терезеден қағып алған Есдәулет Дәуітбеков көпшіліктің қошеметіне бөленіп, бірқатар сыйға ие болды. Оның арасында үш бөлмелі пәтер, ерлігі үшін медаль, жоғары оқу орнына тегін грант та бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 шілдеде оны Төтенше жағдайлар министрі жеке қабылдап, медаль табыс етті. Оқу ағарту министрі университетке грант ұсынса, құрылыс компанияларының бірі елордадан үш бөлмелі пәтер сыйлады, делінген КТК жаңалықтарында.

Футбол ойнауға кетіп бара жатқан 17 жастағы Есдәулет терезенің темірінен құлауға шақ тұрған баланы көреді. Құтқарушыларды күтпей-ақ бозбала көрші үйдің терезесі арқылы пәтерге өтіп, үш жасар баланы құтқарған. Сүйтіп бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды. Балалар үйде үлкендердің қарауынсыз қалған екен. Анасы далаға шығып кеткен. Өкінішке қарай, бір ғана астананың өзінде терезеден құлау оқиғасы азаймай тұр. Көбінің періштесі қаққанмен, қайғылы аяқталған оқиғалар да жетерлік. 

Жыл басынан бері қалада терезеден құлау бойынша 24 жағдай тіркелді. Өкінішке қарай, үшеуінде бала жазым болды. Бұл жағдайда 127-бапқа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау боп саналады. Нұр-Сұлтан қалалық Жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювеналды полиция бөлімінің бастығы Нелля Досжанова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: