Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада баланы құтқарған түлекке университетте тегін оқуға грант тарту етілді

Терезе, бала, мектеп түлегі, Оқу-ағарту министрі, грант, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2022 17:32 Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткелі тұрған баланы аман алып қалған Есдәулет Дәуітбеков марапатталды. Оған алғыс хат пен естелік сыйлықтарды Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сізге көрсеткен қайсарлығыңыз бен батылдығыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Сіз оқушының мектеп қабырғасынан қалай түлеп ұшуы керек екенін дәлелдедіңіз. Осындай асыл, батыр азаматты тәрбиелеген ата-анаңыз бен ұстаздарыңызға алғыс айтамын. Сіздің бүгінгі ерлігіңіз лайықты үлгі болады. Жоғары сынып оқушылары да сіз сияқты кішкентайларды қолдауға және қорғауға әрқашан дайын болады деп сенемін. Сонымен бірге кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарынан олардың үйдегі қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударуын сұраймын.Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов

Сондай-ақ министрдің өтініші бойынша түлекке Алматыдағы университеттердің бірінде тегін оқуға грант берілді.

13 шілде күні сағат 22:00 шамасында Есдәулет футбол ойнап жүріп, аулада халық жиналып қалғанын көзі шалады. Ол 7-қабатта кішкентай баланың терезеге шығып, торды ұрғылап тұрғанын байқайды.

Есдәулет көрші пәтердің балконына шығып, терезедегі баланы құтқарып қалды. Пәтерде тағы бір ұл мен бір қыз болған. Балалардың анасы дүкенге шығып кетіпті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: