Жаңалықтар тізбегі
0

"Оскар" сыйлығының биылғы жеңімпаздары анықталды

"Оскар" сыйлығы, "Бәрі барлық жерде және бірден", сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 09:56 Сурет: Twitter/TheAcademy
АҚШ-та Киноөнер академиясының "Оскар" сыйлығын марапаттау рәсімі тоқсан бесінші рет өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марапаттау рәсімі Лос-Анджелестің Dolby кинотеатрында офлайн режимінде өтіп жатыр, оны америкалық теле жүргізуші және әзілкеш Джимми Киммел үшінші рет жүргізіп отыр.

2022 жылғы 21 желтоқсанда ұйымдастырушылар қысқа тізімдерді жариялады, ал 2023 жылғы 24 қаңтарда үміткерлер белгілі болды. 2023 жылғы 2 наурызы мен 7 наурызы аралығында жеңімпаздарды анықтаған негізгі дауыс беру өтті.

"Америка дауысы" жариялаған ақпарат бойынша, "Екінші пландағы үздік актер" номинациясында Ке Хью Куан жеңімпаз атанды ("Бәрі барлық жерде және бірден" фильмі);

"Екінші пландағы үздік әйел рөлі Джейми Ли Кертиске берілді ("Бәрі барлық жерде және бірден").

"Үздік анимациялық фильм" – "Пиноккио" Гильермо дель Торо.

"Үздік деректі фильм" номинациясында "Навальный" жеңіске жетті.

Джеймс Френд "Батыс майданда өзгеріс жоқ" фильмі үшін "Үздік операторлық жұмыс" аталымында жеңімпаз атанды. Үздік гримм мен шаш үлгісі: "Кит".

"Үздік қысқаметражды фильм" жүлдесін Том Беркли мен Росс Уайттың "Ирланд тілінде қоштасу" фильмі жеңіп алды.

"Үздік костюм үлгісі" аталымында Рут Картер жеңімпаз атанды ("Қара пантера: Ваканда мәңгіге").

"Батыс майданда өзгеріс жоқ" – ең үздік шетелдік фильм.

"Үздік қысқаметражды анимациялық фильм" аталымында "Бала, көртышқан, түлкі және ат" фильмі жеңімпаз атанды.

Кристиан Гольдбек пен Эрнестин Хиппер "Батыс майданда өзгеріс жоқ" фильмі үшін "Үздік суретші-қоюшы жұмысы" аталымын жеңіп алды.

Фолькер Бертельманның "Батыс майданда өзгеріс жоқ" фильміне жазылған саундтрек ең үздігі деп танылды.

Үздік визуалды эффектілер – "Аватар: су жолы".

Үздік түпнұсқа сценарий – Дэн Кван, Дэниел Шайнерт, "Бәрі барлық жерде және бірден".

Үздік бейімделген сценарий: "Әйелдер сөйлеп тұр", Сара Полли

Үздік дыбыс: "Топ Ган: Мэверик".

Фильмге жазылған үздік ән: "Naatu Naatu" – "RRR" (М. М. Киравани, Chandrabose)

Үздік монтаж – Пол Роджерс, "Бәрі барлық жерде және бірден".

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: