Жаңалықтар тізбегі
0

14-16 наурызда Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

Астана, Шымкент, Алматы, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 15:17 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2023 жылғы 14-16 наурыз аралығында Астана, Алматы мен Шымкент қалаларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

14 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10 аяз, күндіз 2-4 жылы

15 наурыз – көшпелі бұлтты, ауық-ауық жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Түнде тұман. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 0-2 аяз.

16 наурыз – көшпелі бұлт шығады, түнде кейде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде тұман. Күндіз көктайғақ болады. Желдің екпіні 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 0-2 аяз.

Алматы

14 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 12-14 жылы.

15 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 15-17 жылы.

16 наурыз – көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (көбінесе жаңбыр). Таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 8-10 жылы.

Шымкент

14 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 19-21 жылы.

15 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 15-17 жылы.

16 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 11-13 жылы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: