Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық гимнасшылар Грекияда өткен "Афродита Кубогында" алты медаль иеленді

Грекия, көркем кимнастика, «Афродита Кубогы» атты халықаралық турнир , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 14:28 Сурет: Instagram/drs_kz
Грекия астанасы Афиныда көркем гимнастикадан VIII "Афродита Кубогы" атты халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста көркем гимнастикадан қазақстандық мектеп өкілдері алты бірдей жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Милана Парфилова шығыршықпен және доппен өнер көрсетуде финалға жетіп, қос бағдарламада да күміс жүлде жеңіп алды. Эрика Жайлауова ұршықпен өнер көрсетуде қола жүлдегер атанса, шығыршықпен көрсеткен жаттығуда 7-ші, лентамен өнер көрсетуде 8-орыннан көрінді.Жастар арасында Айым Мейіржанова лентамен жаттығу көрсетіп, қола жүлдеге қол созды. Оның еншісінде 25.850 балл бар.

Көркем гимнастика, Афины, Грекия, «Афродита Кубогы» атты халықаралық турнир , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 14:28

Сурет: Instagram/akimat__astana

Командалық сайыста Айдана Шаяхметова, Аяулым Қадыр, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Әсел Шүкірбай 3+2 бағдарламада (3 гимнаст лентамен, екеуі доппен) 25.800 ұпай жинап, 2-орын алды. Бұл сында жарыс қожайыны Грекия топ жарса, үздік үштікті АҚШ құрамасы түйіндеді.

Қазақстан қоржынына соңғы медальді топтық сайыста жастар салды. Олардың финалдағы лентамен көрсеткен бағдарламасына төрешілер 28.050 балл берді. Қазақстан құрамасы Италия мен Болгариядан кейінгі үшінші орынға табан тіреді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: