Көркем гимнастикадан әлем кубогы: қазақстандық спортшылар қандай орындарды иеленді

спортшылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2022 09:40 Сурет: olympic.kz
Италияның Песаро қаласында қазақстандық спортшылар қатысқан көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Елжана Тәниева шығыршықпен орындалатын жаттығулар финалында 8-ші, таспамен өнер көрсетуде 5-ші орын иеленді.

Сондай-ақ, ел тарихында тұңғыш рет топтық жаттығулар бойынша командамыз әлем кубогының финалында өнер көрсетті. Қыздарымыз шығыршықпен 6-орынға ие болса, доп+таспа жаттығуларында 8-орынға тұрақтады.ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық гимнастшылардың келесі жарысы Азия чемпионаты болмақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: