Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбылда әз-Наурыз мерекесіне арналған шаралар басталды

Жамбыл облысы, Наурыз, Амал мерекесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 15:29 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысында Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесін тойлау басталды. Облыс орталығынан бөлек барлық қала, аудандарда да түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, көктем мерекесі лайықты түрде атап өтілуде.

Амал мерекесіне орай бүгін А. Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында "Төрткүл Ханзадасы" ертегісі және "Наурыз думан" балаларға арналған қойылымның премьерасы өтті.

А. Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры, Жамбыл облысы, Наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 15:29

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақын Сәнтөре Пірмановтың тарихи аңыз негізінде саханаланған "Төрткүл Ханзадасы" ертегісінде қазіргі Тараз қаласының аумағында орналасқан "Төрткүл" көне қалашығында болған оқиға баяндалады. Оқиғада ел билеушісі – Ханның ұлы Ханзаданың ел басқаруды қолына алғандағы және өзіне жар таңдаудағы дүйім жұртты таң қалдырған тапқырлығы, ақыл-парасаты ұтымды суреттеледі.

А. Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры, Жамбыл облысы, Наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 15:29

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ертегі-қойылым жас көрермендер мен бүлдіршіндерді туған елі мен жерін, отанды сүюге тәрбиелеп, ата-баба аманатына берік болуға шақырады.

А. Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры, Наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 15:29

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан соң қойылымнан әдемі әсер алған балаларға "Наурыз думан" мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Мұнда Қыдыр ата, Ұмай ана, Наурызбек, Күн, Түн, Ақпан-Тоқпан кейіпкерлері кішкентай көрермендердің көңілін баурап, табиғаттың тамаша көріністерімен қызықтырды.

Жамбыл облысы, Наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 15:29

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мерекелік шара ән-бимен көмкеріліп, бірлік пен береке ұғымдарының мән-маңызын айшықтай түсті.

Наурыз мерекесіне арналған түрлі деңгейде шараларды ұйымдастыру қала, аудандарда да жалғасуда.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: