Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте көрісу күнінде ұрпақтар сабақтастығы ұлықталды

Көрісу күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 18:55 Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін шымкенттіктер Әз Наурыздың алғашқы мерекесі - Көрісу күнін атап өтуде. Таңертең Астана алаңынан бастау алған мереке қаланың бірқатар көрікті орындарында, Shymqala этноауылында жалғасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыстан көкөрай көктемге аман жеткен жұртшылық Көрісу күнінінің игі дәстүрін жалғап, бір-бірінен саулық сұрасып, төс қағыстырды.


Мұрат Әйтенов, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 18:55

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Бұл күні қала әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді Көрісу күнімен құттықтап, Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында қала жастарымен көрісіп, "Белсенді ұзақ өмір орталығындағы" қариялардың амандығын сұрап, батасын алды. Ұлттық киім киіп, домбырасын асынған өнерпаздар ән-жырдан шашу шашып, Көрісу мерекесінің көркін қыздырды. Абыз ақсақалдар мен әжелердің жас буынмен жарқын жүздесуі ұлт болашағы, жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтар турасындағы тағлымды сұқбатқа ұласты.


Бата беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 18:55

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Күн сайын мұнда 700-ден астам тұрғын 30 шақты қызмет түрін алады. Замана талабына сай жабдықталған орталық бүгінде қариялардың басын қосатын алаңға айналып отыр.


Наурыз мейрамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 18:55

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Көрісу – жұртшылықтың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін ізгі амал. Бұл күннің өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, татулық пен бауырмалдыққа шақыратын тағылымы мол.


Наурыз мейрамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 18:55

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: