Астана есімді жираф 12 жасқа толғанын тойлап жатыр

жираф Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2022 11:03 Сурет: Instagram/shymkentzoo
Шымкентте Астана есімді жираф бар. Ол бүгін туған күнін атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана 2010 жылы 6 шілдеде Алматы хайуанаттар бағында дүниеге келген. 2011 жылдың 13 қыркүйегінде Шымкент зообағына көшті.

Хайуанаттар бағының әкімшілігі Instagram парақшасында жираф зообаққа келушілерді қуантып жүргенін жазды.

Астана биыл 12 жасқа толды. Ол жыл сайынғы дәстүр бойынша баршаны туған күніне шақырды. 5 шілде күні хайуанаттар бағында мерекелік жиын болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік жиын сәтті өтті және келушілерге тамаша көңіл-күй сыйлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: