Жаңалықтар тізбегі
0

Bloomberg: Svb банкроттығына байланысты әлемдік акциялар 465 миллиард доллар жоғалтты

Қаржы дағдарысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 19:48 Сурет: pixabay
Соңғы екі күнде әлемдік қаржы секторы 465 миллиард доллар жоғалтты, өйткені Silicon Valley Bank-тің күйреуі салдарынан бүкіл әлем бойынша инвесторлар инвестициясын қысқартқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың аймақтық банктері ең көп зардап шеккен.

Агенттік KBW аймақтық банк индексі 7,7 пайызға төмендегенін хабарлады. Бұл - 2020 жылдың маусымынан бері алған тіркеліп тұрған қатты құлдырау.

Сонымен қатар MSCI Asia Pacific Азия-Тынық мұхиты аймағының жиынтық индексі 3,1 пайызға төмендеді. Жапондық банк холдингі Mitsubishi UFJ, оңтүстік кореялық Hana Financial Group және австралиялық ANZ Group Holdings акцияларының бағалары да арзандаған.

Қазынашылық құнды қағаздардың таабыстылық деңгейі дүйсенбіде АҚШ-тың Федералды резерві банк жүйесіндегі дағдарысқа байланысты сыйақы мөлшерлемерін көтеруден бас тартады деген болжамға сай төмендеді.

Дүйсенбіде еуропалық банктер мен сақтандыру компанияларының акциялары да төмендеді. Credit Suisse Group AG акциялары жаңа рекордтық деңгейге дейін, яғни 15%-ға түсті, ал оның құнды қағаздарын дефолттан сақтандыру құны тарихи деңгейге дейін көтерілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: