Жаңалықтар тізбегі
0

Америкалық банктердің шығындар өсімі қаржылық дағдарысты ушықтыру қаупін арттыруда – CNN

Банкроттық, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 23:57 Сурет: Zakon.kz
АҚШ банктерінің жалпы сомасы 620 миллиард долларға дейін өскен шығындарының соңғы бірнеше ай бойы жабылмауы Silicon Valley Bank банкроттығынан кейін туындауы ықтимал қаржылық дағдарысты ушықтыру қаупін арттырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN телеарнасы өткен жылдың көктемінен бастап Федералдық резервтік жүйенің базалық мөлшерлемені үнемі көтеруі аясында жабылмай жатқан шығындардың өсімі туралы деректерді АҚШ Қаржы министрлігі ұсынғанын атап өтті. Банктер активтері құнының төмендеуі жабылмай жатқан шығындар көрсеткішінің бірнеше есе өсуіне әкеліп соққаны да нақтыланады. Банкротқа ұшыраған Silicon Valley Bank осындай проблемаға тап болған, жалпы бұл үрдіс америкалық аймақтық банктер арасында кеңінен тарағаны да нақтыланады.

10 наурызда активтерінің көлемі бойынша АҚШ-тағы 16-шы орындағы Silicon Valley Bank банкротқа ұшырады. Бұл тізбектік реакцияға түрткі болып, қаржылық дағдарыс ықтималдылығын тудырды. АҚШ-тың қаржы саласындағы жай-күйін танытатын Nasdaq KWB индексі дүйсенбіде 10%-ға төмендеді, төрт аймақтық банктің биржалық сауда-саттығы тоқтатылды.

Кейінірек АҚШ-тағы қаржылық мәселелерге байланысты Signature Bank-тің жабылғаны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: