Bloomberg: Svb банкроттығына байланысты әлемдік акциялар 465 миллиард доллар жоғалтты

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың аймақтық банктері ең көп зардап шеккен.
Агенттік KBW аймақтық банк индексі 7,7 пайызға төмендегенін хабарлады. Бұл - 2020 жылдың маусымынан бері алған тіркеліп тұрған қатты құлдырау.
Сонымен қатар MSCI Asia Pacific Азия-Тынық мұхиты аймағының жиынтық индексі 3,1 пайызға төмендеді. Жапондық банк холдингі Mitsubishi UFJ, оңтүстік кореялық Hana Financial Group және австралиялық ANZ Group Holdings акцияларының бағалары да арзандаған.
Қазынашылық құнды қағаздардың таабыстылық деңгейі дүйсенбіде АҚШ-тың Федералды резерві банк жүйесіндегі дағдарысқа байланысты сыйақы мөлшерлемерін көтеруден бас тартады деген болжамға сай төмендеді.
Дүйсенбіде еуропалық банктер мен сақтандыру компанияларының акциялары да төмендеді. Credit Suisse Group AG акциялары жаңа рекордтық деңгейге дейін, яғни 15%-ға түсті, ал оның құнды қағаздарын дефолттан сақтандыру құны тарихи деңгейге дейін көтерілді.