Еліміздің 3 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді
Сурет: Ақмола облысының полиция департаменті
15 наурыз күні БҚО, СҚО, Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 9:30-дағы ақпаратқа сәйкес, шектеу еліміздің 3 өңіріндегі тас жолға қойылады.
Ақмола облысында екі тасжолдың үш бөлігі жабылды:
- "Астана-Петропавл" күре жолының Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді;
- "Астана-Петропавл" күре жолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан өңірінің шекарасына дейінгі аралық жол қозғалысы үшін жабық;
- "Көкшетау-Омбы" тасжолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығы жабық;
Батыс Қазақстан облысында:
- "Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы" тасжолында Бөрлі ауылынан Ақсай қаласына дейін қозғалыс шектелді;
Солтүстік Қазақстан облысында 5 учаске жабылды:
- "Челябинск-Новосибирск" тасжолының Петропавл мен Булаево қалаларының арасында жол қозғалысына шектеу енгізілді;
- "Астана-Петропавл" тасжолында Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі аралық жабық;
- "Жезқазған-Петропавл" тасжолының Явленка және Бескөл ауылдарының арасы жабық;
- "Петропавл-Соколовка-Ресей Федерациясының шекарасы" тасжолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді;
- "Көкшетау-Омбы" тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Кішкенекөл ауылына дейінгі аралығында жол қозғалысы шектелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript