Алматыда пышақталған ер адамның мәйіті табылды
Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде 2023 жылғы 15 наурызға қараған түні "Самал-3" шағын ауданында ер адамды пышақтап кеткені туралы ақпарат тарады. Zakon.kz тілшісіне Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті ұсталғанын хабарлады.
Egov.press Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, кісі өлімі балалар алаңында болған, марқұмның денесі тұрғын үйдің терезелерінің астындағы орындықтардың жанынан табылған.
Сурет: Telegram/egovpress
Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді. Оны Медеу аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.
"Алдын ала мәлімет бойынша, алкогольдік ішімдіктерді бірлесіп ішу кезінде туындаған жанжал салдарынан 35 жастағы ер адамды танысы пышақтап кеткен. Күдікті – 2001 жылы туған Д. есімді азамат, ол "ізін суытпай" ұсталды".Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Сурет: Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қалалық полиция департаменті күдікті қамауға алынғанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript