Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы қайта қаралуы мүмкін бе

ҚР Еңбек министрлгі, әйелдер, әйелдердің зейнет жасы, зейнеткерлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 15:39 Сурет: Zakon.kz
Елімізде әйелдердің зейнет жасы қайта қаралуы мүмкін бе? Бұл сұраққа 15 наурыз күні өткен Сенаттың жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенаттың жалпы отырысында депутат Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2028 жылға дейін әйелдер 61 жастан зейнетке шығатынын еске салды. Осы орайда ол министрден "2029 жылдан бастап зейнет жасын ұлғайту жоспары бар ма? деп сұрады.

Сұраққа жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасы мына  көрсеткіштер бойынша есептелетінін атап өтті.
  • өмір сүру ұзақтығы;
  • зейнетақымен қамсыздандыру деңгейі.

Ол алдағы бес жылда денсаулық сақтау саласында ауыл медицинасын жақсарту, көп салалы ауруханалар, мамандандырылған емдеу мекемелерін салуды, телемедицина, скрининг жүргізуді көздейтін ірі ұлттық жоба іске асырылатынын мәлім етті.

"Нәтижесінде, азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығының жақсаратын болса, 2029 жылдан бастап біз бұл мәселеге қайта ораламыз, егер бәрі осы деңгейде қалса немесе, керісінше, төменірек болса, онда әрине, жас шектеуі мәселесі міндетті түрде қайта қаралады". Тамара Дүйсенова

Бұл ретте Еңбек министрі Қазақстанда кейбір азаматтардың зейнетке ерте шығуына болатын норма бар екенін атап өтті. Мысалы, көп балалы аналар, Семей ядролық сынақ полигоны аймағында тұратын азаматтар, сондай-ақ зейнетақы қорында қаражаты бар азаматтар зейнетақы аннуитеті арқылы 55 жаста зейнетке шыға алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: