Жаңалықтар тізбегі
0

Respublica партиясының өкілі ауыл мен қала оқушыларының айырмашылығы жер мен көктей деп санайды

Теледебат, пікірсайыс, сайлау "Respublica" партиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 21:02 Сурет: Zakon.kz
16 наурыз күні "Хабар" арнасында өткен саяси партиялар өкілдерінің теледебатында Respublica партиясының төрағасы ауыл мен қала мектептерінің арасында едәуір айырмашылық бар екенін айта келе, партия бағдарламасында білім мәселесіне ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz

"Қазақстан Халық партиясы төрағасының мүшесі Оксана Әубәкірова Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровқа: "Өткен пікірталаста партияңыздың өкілі "біздің партиямыздың қатарында саясаттанушы, мұғалім немесе сарапшы емес, нақты істің адамы бар" деген еді. Осы орайда өздеріңізді өзгелерден жоғары ұстап тұрған жоқсыздар ма? Снабизм байқалмай ма?", – деп сұрады.

Сұраққа жауап берген Respublica партиясының төрағасы партияның тең төрағаларының бәрі мұғалімнің балалары екенін алға тартты.

"Партияның тең төрағаларының бәрі мұғалімнің балалары. Біздің 23 кандидаттың ішінде 6 мұғалім бар. Біз мұғалімнің мүддесін қорғап, мәртебесін көтеретін партия екенімізді дәлелдеу қажет болса, біздің бағдарламамызда ең бірінші мәселе білім саласы тұрғанын баса айтқым келеді. Білімді халық – бақытты халық деп санаймыз", – деді ол. 

Осы орайда Айдарбек Қожаназаров ауыл мен қала мектептері арасында едәуір айырмашылық бар екенін баса айтты.

"Маңғыстауда оқитын 15 жасар оқушы мен Алматыдағы 15 жасар оқушының айырмашылығы - 5 жас. Бұл неден? Себебі мұғалімдердің мүддесі қорғалмаған. Сондықтан біздің бағдармалаламызда ауылдағы және өңірлердегі мұғалімдердің тұрмыстық жағдайын жақсарту, оларға бөлінетін бюджетті үлкейту мәселесі қамтылған".Айдарбек Қожаназаров

Партия өкілі үш саланы: ғылым, жоғары оқу орындарын және бизнесті ұштастыру қажет деп санайтынын айтты. 

"Осы үшеуін ұштастырсақ, білімді жастар шығады", – деп сөзін түйіндеді ол.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: