Айдос Сарым: Amanat 2 миллиондай азаматқа берілетін әлеуметтік көмекті 1,5 есе арттырады
"Әлемдік экономика шатқаяқтап тұр, инфляция өсіп жатыр, сауда байланыстары үзіліп, көп жылғы келісім жұмыс істеуін тоқтатты. Мұның бәрі әрқайсымызға әсер етпей қоймайды. Сіздің партияңыз қарапайым халықтың жағдайын қалай жақсарта алады?" деген сұрақ қойды дебат жүргізушісі.
Бұл орайда Айдос Сарым Amanat партиясының бағдарламасы халықпен бірлесіп жазылғанын атап өтті. "Халықтың мұңын жақсы білеміз, оны біз ғана шеше аламыз" деген партия өкілі елде тәртіп орнататынын алға тартты.
"Біз әлеуметтік әділеттікті қамтамыз етеміз. Заңсыз шығарылған капиталдардың қайтарылуына қол жеткіземіз. Жемқорлықпен, олигополиямен, латифундистермен күресті күшейтеміз. Әр отбасының, әр қазақстандықтың табысының артуына ықпал етеміз".Айдос Сарым
Сондай-ақ ол жаңа Әлеуметтік кодекс қабылданатынын айтты.
"Аға буын өкілдерінің зейнетақысы мен базалық зейнетақысын арттырмыз. Зиянды кәсіп иелерінің зейнетке ерте шығуына қол жеткіземіз. Дәрігерлер мен мұғалімдердің, әлеуметтік қызметкерлер мен әскери қызметкерлердің еңбекақысын арттырамыз. 2 миллиондай азаматқа берілетін әлеуметтік көмекті 1,5 есе арттырамыз. 1 млн оқушыға арналған мектеп саламыз, 730 мың отбасына тұрғын үй салып береміз", – деді ол.
Партия мүшесі экономика салында жоспарларға да тоқталып өтті.
"Экономика саласында жыл сайын 40 мыңнан астам сапалы жұмыс орнымен қамтитын жүздеген кәсіпорын ашамыз. 1,5 миллион отандасымызды тұрақты жұмыспен қамтимыз. Бизнестің 15 мың кедергісін жоямыз. 1 трлн теңге бөлу арқылы ауылды жаңғыртамыз. 1,5 млрд доллар бөле отырып, аграрлық секторда 100 инвест жобаны іске асырамыз. "Жер аманаты" жобасын жалғастырамыз, мемлекетке тағы 5 млн га жерді қайтамарыз", – деп ойын түйіндеді партия өкілі.
Айта кетсек, бұған дейін 7 саяси партия өкілдерінің арасындағы пікірсайыс Qazaqstan ұлттық телеарнасының эфирінде өткен болатын.