"Біз - ең ірі партиямыз!". Айдос Сарым "ақжолдыққа" өз партиясының қатарына өтуді ұсынды
Сурет: parlam.kz
ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауына қатысатын 7 саяси партия өкілдері арасында КТК телеарнасының тікелей эфирінде өткен пікірсайыс кезінде "Amanat-тың" өкілі Айдос Сарым "Ақжол" партиясының мүшесі Дания Еспаевға өз партиясының қатарына өтуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Конституция мен еліміздің өзге заңдары сайлауда жеңген партия Үкімет құрамын жасақтайтынын анық көрсетеді. Бұл - біріншіден. Екіншіден. Жауапкершілікке келетін болсақ, біз сайлауалды бағдарламамызда қамтыған әрбір пункті үшін жауап береміз. Бір мысал. Бізде әрбір депутат сайлауалды бағдарламамызда қамтылған әрбір пункт бойынша жекелей жауапкершілікті мойнына жүктеген. Бұл шара ары қарай да жалғасатын болады", - деп жауап берді Айдос Сарым осы негізде өзіне сұрақ қойған "Ақжол" партиясы өкіліне.
Ол Мәжіліске келген соң тиімді әрі жауапкершілігі жоғары Үкіметті құрайтындарын, Президент алған бағдардағы барлық экономикалық-әлеуметтік мәселелер шешімінен тұратын пакетті жүзеге асыруды мақсат ететіндерін де жеткізді.
"Біз Үкіметтен әрбір жайт бойынша қатаң сұрау саламыз. Жауапкершілік деген осы. Діттеп келгенде, сайлаушыларымыздың көзіне қарауға ұялмайтындай ауқымды істерді атқарамыз. Олардың бізге деген сенімі Сіз айтып отырған нақты жауапкершілікті, қолдауды білдіреді. Екі жыл ішінде бес жылға арналған сайлауалды бағдарламамыздың үштен бір бөлігін орындадық. Бұл - үлкен көрсеткіш". Айдос Сарым
Ол өздерінің сайлауға нақты бағдарламамен бара жатқанын да нақтылай кетті.
"Оның барлығының бюджеті көрсетілген. Ауданнан бастап ауылға дейін қамтылған. Біз - Қазақстандағы ең ірі партиямыз. 4 мыңнан астам ұйым, 230 филиал, 243 қоғамдық қабылдау, 100 мыңнан астам жастар бар бізде. Бұл - біздің партия бағдарламасын жергілікті өңірде жүзеге асырушы күш. Әрбір ауылда, әрбір ауданда. Сондықтан Үкіметке іліккіңіз келсе, біздің партияға мүше болуыңыз керек еді. Негізі, әлі де кеш емес, 19-на дейін әлі уақыт бар, көріңіз". Айдос Сарым
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript