Қазақстанның екі ірі қаласында қолайсыз ауа райы болжанды
Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 17 наурызда Астана мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл қалалардағы метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Республиканың басқа қалаларында ауа райы қолайлы болады.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).
Қолайсыз ауа-райында мынадай әрекеттер ұсынылады:
- көшеде, әсіресе магистральдарда немесе басқа ластау көзінің жанында өтетін уақытты азайтыңыз. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болғаны дұрыс;
- созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде өзімен бірге қажет дәрі-дәрмегін алып жүруі керек;
- ашық ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтыру мен спорт жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript