Жаңалықтар тізбегі
0

Саясат Нұрбек: Сайлау – қоғам үшін ерекше саяси оқиға

Саясат Нұрбек жұбайымен дауыс берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 15:11 Сурет: Facebook/sayasat
Сайлау учаскесінде ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сайлаудың қоғамымыз үшін қашанда ерекше саяси оқиға екенін айтты.

Саясат Нұрбектің ссөзінше, өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан ауқымды саяси реформалардың арқасында еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Салыстырмалы түрде қысқа мерзімде мемлекеттің саяси құрылымында да, қоғамдық құндылықтар жүйесін жаңарту процесінде де айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

"Ал бүгін негізгі мемлекеттік институттарды қайта іске қосу үдерісін аяқтай отырып, Қазақстан азаматтары жаңа аралас жүйе бойынша Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлайды. Мемлекет басшысы атап өткендей, Мәжіліс пен мәслихаттардың биылғы сайлауы өткен жылы қазақстандықтардың қолдауына ие болған конституциялық реформаның қисынына негізделген. Осы реформаның арқасында елде биліктің өкілетті тармағын қалыптастырудың жаңа, неғұрлым әділ және бәсекеге қабілетті ережелері қалыптасты." Саясат Нұрбек

Ел азаматтары бүгін өздерінің саяси білімін көрсете отырып, дауыс беруге белсенді қатысатынына сенімдімін. Шынында «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» мемлекеттің саяси тұрақтылығының президенттік формуласын одан әрі жүзеге асыру сапасы осы сайлаудың нәтижелеріне байланысты, -дейді Саясат Нұрбек.

"Бүгін мен жұбайыммен бірге, көптеген әріптестерім мен достарым сияқты бейбітшілік пен өркендеуді қалап, Отанымыздың қарышты дамуы үшін өз таңдауымды жасадым!" Министр


Саясат Нұрбек жұбайымен дауыс берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 15:11

Сурет: Facebook/sayasat


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: