Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Халық партиясының төрағасы өз таңдауын жасады

Ермұхамет Ертісбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 19:10 Сурет: Қазақстан Халық партиясы
Қазақстан Халық партиясының (ҚХП) төрағасы Ермұхамет Ертісбаев ҚР Парламенті Мәжілісі мен өңірлік мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚХП басшысы М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан № 137 сайлау учаскесінде дауыс берді. 

"Өтіп жатқан парламенттік сайлау науқаны - бұл жаңа Қазақстанды құрудағы алғашқы және ең ірі қадам". Ермұхамет Ертісбаев


Оның айтуынша, оң өзгерістердің орын алуы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларының арқасында мүмкін болды. Қазақстан саяси реформалар бағытына нық бет бұрды.


"Президент өз сөзіне берік болып шықты. Күрделі халықаралық жағдайға және ішкі қиын жағдайға қарамастан парламент сайлауы өтті". Ермұхамет Ертісбаев


Қазіргі сайлау додасы, оның пікірінше, бұрынғыға қарағанда айтарлықтай өзгеше. Жүйе өзгерді, мажоритарлықтан араласқа айналды, сайлауға тек партия өкілдері ғана емес, өзін-өзі ұсынған партияға қатысы жоқ қоғам белсенділері де жіберілді. Мұның бәрі үміткерлердің жеңіске деген құлшынысы мен ерік-жігерін арттырады.

"Бұл еліміз тәуелсіздік алғалы бергі барлық 30 жыл ішіндегі ең қызықты, мазмұнды әрі шын бәсекелестік орын алған сайлауы секілді. Бұл - бүкіл халқымыздың жеңісі. Біз саяси ұлтқа айналдық. Біз әділ Жаңа Қазақстанды қалаймыз - бұл өткен парламенттік сайлау науқанының басты нәтижесі". Ермұхамет Ертісбаев

Партия төрағасының пікірінше, өтіп жатқан сайлау науқаны Қазақстан халқының саясаттың объектісі болуды доғарып, шешім қабылдай алатын және өз елінің тағдырына жауапты субъектісіне айналғанын айқын көрсетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: