Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы сайлауды 700-ден астам байқаушы қадағалайтын болады

Сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 19:00 Сурет: Zakon.kz
ҚР Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау үшін 786 байқаушы аккредитациядан өткенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оның ішінде 41 шет мемлекеттен 124 бақылаушы және 12 халықаралық ұйымнан 662 бақылаушы бар. Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялығына, мемлекет тарапынан халықаралық міндеттемелердің сақталуына ықпал ететіндігін тағы да атап өткім келеді. Бұл біздің халықаралық міндеттемелерге сүйенетіндігіміздің дәлелі, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыру екенін де білдіреді. Басқа елдердің орталық сайлау органдарындағы әріптестеріміздің келуі біз үшін де өте маңызды екенін атап өткім келеді". Нұрлан Әбдіров

Ол аккредитациядан өткен барлық  бақылаушыларға Қазақстанда жүргізіліп жатқан сайлау науқандарына тұрақты қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдірді.

ОСК төрағасы парламенттік сайлауды бақылауға 16 мемлекеттің Орталық сайлау органдарының өкілдері, оның ішінде Әзірбайжан, Молдова, Моңғолия, Өзбекстан және Тәжікстанның сайлау комиссияларының бес төрағасы келетінін айтты.


"Біз арадағы тығыз ынтымақтастық пен өзара байланысымызды жоғары бағалаймыз". Нұрлан Әбдіров

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылы 19 наурызда өтеді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: