ОСК сайлауға байқаушы ретінде қанша ұйым тіркелгенін айтты
"Бүгінгі таңда ОСК 10 қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйымдарды аккредитациялады. Олар еліміздің барлық 20 өңірінде байқаушы бола алады. Олар - Олар: "HAQ", "Еркіндік қанаты", "Ел дауысы", "Азаматтық қорғау", "Electios&Democracy", "Дауыс" қоғамдық байқаушылар коалициясы", "Ұлы көш", "Мұқалмас", "Жастар үні" және Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі қоғамдық қоры". Анастасия Щегорцова
Сондай-ақ ол аймақтық сайлау комиссиялары 201 ұйымға аккредитациядан өткені туралы куәлік бергенін жеткізді. Олар аккредиттелген және филиалдары бар облыстар шегінде барлық сайлауда бақылауды жүзеге асыратын болады.
Қостанай облысында - 30, Қызылорда облысында - 25, Түркістан облысында - 23, Батыс Қазақстан облысында-20, Қарағанды облысында - 17, Алматы облысында - 16, Астана қаласында және Ұлытауда - сегізден. Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында - жетіден, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында - алтыдан, Атырау және Павлодар облыстарында - бестен, Алматы және Жетісу қалаларында - төрттен, Шымкент пен Маңғыстауда - үштен, Абай және Жамбыл облыстарында - екіден.
Щегорцова атап өткендей, бұл түпкілікті сандар емес.