Қазақстандағы президент сайлауында әр кандидат қанша дауыс жинады
Сурет: Zakon.kz
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров елдегі кезектен тыс президент сайлауында әр кандидаттың қанша дауыс алғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, дауыстар мынадай:
- Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 6 456 392 адам немесе 81,31%;
- Жигули Дайрабаевқа – 271 641 адам немесе 3,42%;
- Қарақат Әбденге – 206 206 адам немесе 2,6 %;
- Мейрам Қажыкенге – 200 907 адам немесе 2,53%;
- Нұрлан Әуесбаевқа – 176 116 адам немесе 2,22%;
- Салтанат Тұрсынбековаға – 168 731 адам немесе 2,12%.
«Барлығына қарсы» 460 484 қазақстандық немесе 5,8% дауыс берді.
2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дауыстың көп бөлігін жинап, жеңіске жетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript