Алматыдағы сайлау учаскесіндегі жанжал: төраға түсінік берді

сайлау Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы №503 сайлау учаскесіндегі кандидаттың байқаушысы мен сенімді адамы арасындағы жанжал шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова бұған қатысты түсініктеме берді.

"Кейбір БАҚ-та №503 сайлау учаскесінде комиссия мүшесі бақылаушылармен жанжалдасқан деген ақпарат пайда болды. Шын мәнінде, №503 сайлау учаскесіндегі кикілжің кандидаттардың бірінің байқаушысы мен сенімді адамы арасында дауыстарды санайтын кезде шыққан. Комиссия төрағасы екі тараптан да азаматтардың дауыс беру үдерісіне кедергі келтірмеу үшін мәселені сайлау учаскесінен басқа жерде шешуді сұрады. Соның нәтижесінде учаскелік сайлау комиссиясы жанжалдасқан сенімді тұлғаларды, бақылаушыларды тіркеуден шығару туралы тиісті шешім қабылдады. Тиісті хаттама бар". Айгүл Қалықова

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс және мәслихат сайлауында алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы дауыс бергенін хабарлады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз